«Қайырымды бол – жас дос!» атты қайырымдылық футбол турнирі өткізілді

570 09.11.2017

Бұл жолы осы атаумен Маңғыстаулық Жасотандықтар мен Маңғыстау облысы жастарының конгресі бірігіп қайырымдылық футбол турнирін өткізді.

44.jpg

Аталған турнир Ақтау қаласының тұрғыны сырқатта жатқан Сарсеналиев Жұбаныштың ем шарасына қаражат жинауға арналды. Турнирге қатысушы командалар жарна төлеу арқылы қайырымдылық жасап, Жұбаныштың еміне қаражат жинайды. Бұл іс өз нәтижесін берді. 20 ға жуық команда турнирге қатысты. Облыстың аудан орталықтарынан, тіпті Атырау облысы Құлсары қаласынан да команда келіп, қайырымдылыққа үлес қосты. Шара Т.Жолдыбаев атындағы спорт кешенінде өткізіліп, барлығы 232400 тенге қаражат жиналып, Жұбаныштың туған інісі Дәурен Сарсеналиевке тапсырылды.

Біз де өз кезегімізде қатысқан қайырымлы футбол командаларына, қолдау көрсеткен Ақтау қалалық спорт және дене шынықтыру бөліміне алғысымызды жариялаймыз. «Жас Отан» жастар қанаты Маңғыстау облысы жастарының конгресімен тығыз әріптестік орнатып, алдағы күні қайырымды істерді жалғастыра беретін болады.