Оралда «Әскердегі бір күн» акциясы ұйымдастырылды

583 16.11.2017

«Жас Отан» Жастар қанаты БҚОФ ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының қатысуымен Орал қалалық әскери – техникалық мектебінде «Әскердегі бір күн» акциясы өткізілді.

IMG_0248.JPG

Акция аясында оқушылар саптық дайындық, атыс дайындығы шеберлік сағаттарын тамашалап, түрлі қару жарақпен, әскери техникамен танысты. Сонымен қатар, акцияға қатысушы оқушылар арасында АК-74 автоматын бөлшектеуден және кермеге тартылудан сайыс өтті.

IMG_0240.JPG

Шараның мақсаты – әскери патриоттық тәрбиелеу, жасөспірімдердің бойындағы отанына деген махаббатын арттыру, отанымыздың қайсарлықпен өткерген тарихын құрметтеуге шақыру. Акция нәтижесінде көптеген жасөспірімдердің әскери іске қызығушылығы пайда болып, өздерінің болашақта Қазақ армиясы құрамында қызмет атқаруға ниетті екендігін, Отанына қорған болатынын жеткізуде.

IMG_0313.JPG

Бұл акция әлі өз жалғасын табады. Қаламыздағы мектеп оқушыларын мүмкіндігінше осы акцияға жұмылдыру үшін жұмыстар атқарылуда.