«Әскердегі бір күн» акциясы Талдықорғанда өз жалғасын тапты

536 24.11.2017

Қарашаның 14-і күні Алматы облысының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Әскердегі бір күн» тақырыбында «Алматы облысының Талдықорған қаласындағы» «ҚР ҚМ Әскери – техникалық мектебіне» агротехникалық колледж студенттерімен экскурсия жүргізілді.

23550034_1870874639894373_8636955309457359393_o.jpg

Жалпы кездесуге 30-ға жуық студенттер қатысты. Шара барысында жасөспірімдерді әскери мектептің бөлімдерімен таныстырды. Әскери мектептің мұражайын аралатып, тарихи сәттермен таныстырып өтті.

23550362_1870874513227719_6813884352240907843_o.jpg

Мұражайда соғыс кезінен сақталып қалған киімдер мен қару-жарақтар, Ауған соғыс ардагерлерінің суреттері, сондай-ақ осы жылы Алматы облысында СУ-27 тікұшақ апатынан қаза тапқан авиациялық-әскери бөлімнің командирі Ерлан Науанов пен әскери бөлімнің штаб бастығы Денис Горбуновтың қызметтерінде қолданған заттары және тағы сол сияқты көптеген қару түрлері сақталған. Әскери өмірдің күнделікті тынысымен танысқан жастар, әскери қызметкерге экскурсия барысында көкейтесті сұрақтарын қоя отырып, қызықты да маңызды жауаптарын алды.

23559797_1870874499894387_254976814752983364_n.jpg

Жасөспірімдер әскери мектептің білікті мамандарының шеберлік сабағында АК-47 қаруын жылдамдықпен шашып, жинау әдісін үйреніп, пневматикалық қарумен нысанаға көздеп атудан бақ сынасты. Шара соңында студенттерге әскердегілердің күнделігінен видеоролик көрсетті.