Талдықорған студенттері тыл ардагерлерімен кездесті

129 05.10.2017

Қыркүйек айының 29 жұлдызында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен бірінші қазан қарттар күніне орай "Қарттарым-асыл қазынам" атты тыл еңбек ардагерлерімен кездесу шарасы өткізіліп оған 15-ке жуық тыл еңбек ардагерлері шақырылды.

Ардагерлерімізбен кездесуге Талдықорған агротехникалық колледжінінің белсенді жастары қатысты.Шарада ардагерлеріміз өз өмірлері жайлы айтып, жастарға ақ тілектерін арнап, тарихты ұмытпауға, қоғамдағы белсенділіктерін арттыруға, отанын сүюге шақырды.

Жастарда қалыспай ардагерлерімізге өз тараптарынан өлең жолдары арналып, сұрақтар қойылды. Шараның ортасына таяу ағаштан арнайы жасалған кәдесыймен қатар гүл шоқтары таратылып, соңына қарай ардагерлерімізге ақ дастархан жайылып, бата қайырылды.

Өз арасында әңгіме дүкен құрып болғаннан кейін жастармен бірге естелік фотаға түсірілді.

22050146_873039859527298_5909095851265238497_n.jpg