Алматыда «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне республикалық турнир аяқталды

579 09.11.2017

2017 жылғы 4 - 5 қазан аралығында АҚФ «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХV Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

WhatsApp Image 2017-11-04 at 4.42.11 PM.jpeg

Іс-шараның ашылу рәсімі 4 қазан, сағат 11.00-де Қазақ Ұлттық университетінің Ұлттық кітапханасында өтті. Фракциялар ойынға кіріспес бұрын оларды кітапхана ғимаратын түгелімен аралатып, Ұлттыұ университеттің құндылықтарымен таныстырды.

WhatsApp Image 2017-11-04 at 4.41.40 PM.jpeg

«Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асырудағы жастардың рөлін талқылау. олардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында өткен турнир дәстүрлі болып табылады және жыл сайын еліміздің әр түкпірінен қазақ және орыс лигаларында ең белсенді жастарды жинайды. Пікірсайыс турниріне қабылдаушы аймақтан басқа барлық облыстар, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша іріктеулер жеңімпазы атанған командалар қатысты.

WhatsApp Image 2017-11-04 at 4.41.13 PM.jpeg

Атап айтқанда 14 аймақтан 14 фракция: 10 фракция қазақ лигасы 4 фракция орыс лигасынан турнирге қатысты. Турнир барысында білім беру, оқу орындарындағы парақорлық, кәсіби бағытталу және еңбек, тұрғын үймен қамтамасыз ету, волонтерлікті дамыту, патриотизмді дамыту, т.б. секілді жастар ортасында өзекті мәселелер бойынша пікір таластырды. Сондай-ақ, спикерлер тарапынан мемлекет үшін маңызды латын әліпбиіне көшу, еліміздің әр аймағынан жиылған жастар өз ойларын ортаға салып, тың идеялар мен шешу жолдары ұсынылды.

WhatsApp Image 2017-11-05 at 2.20.44 PM.jpeg

Турнир жеңімпаздарын естелік жүлделер, марапаттау қағаздары және «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогі тапсырылды. Келер жылы дәстүрлі пікірсайыс турнирін өткізетін қала кубоктің иегері, «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХV Республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары Қызылорда облысының ойыншылары болады.Аталмыш облыс сәйкесінше партияның ауыспалы кубогіне арналған ХVI Республикалық пікірсайыс турнирін өткізеді.

WhatsApp Image 2017-11-04 at 4.41.06 PM.jpeg

«Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХV Республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы: АПФ форматы бойынша: 1 орын – Қызылорда облысы «Қызылорда қрамасы» 2 орын – Жамбыл облысы «Бір кем дүние» 3 орын – СҚО «Ақсауыт» 4 орын – ШҚО «Абайдан екеу» ЛД форматы бойынша үздәк спикер: Құдрет Асатілләұлы (СҚО) Үздік төреші: Өтеген Төрежан

Орыс лигасы 1 орын – Солтүстік Қазақстан облысы 2 орын - Ақмола олбысы 3 - орын Жамбыл облысы Үздік спикер Арманов Рустем