Қарағанды қаласында Ибрагим Ескендірдің қайырымдылық кеші өтті

53 02.10.2017

Ағымдағы жылдың 2 қазаны күні Қарағанды қаласы Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегерi, əнші, композитор, патриоттық əндердiң орындаушысы Ибрагим Ескедірдің қайырымдылық кеші өтті. Бұл кештің мақсаты өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу, жастардың бойында патриоттық сезімді нығайту және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жас өнерпаз балаларды үлкен сахнада өнер көрсетуіне ықпал жасау.

Кешті «Алтын той» той агенттігінің мың бұралған биші қыздары көркемдеп ашты. «Алтын сақа» балабақшасының «Ғауһар», «Құлыншақ» топтарының кішкентай ғана бүлдіршіндері бал тамған тілдерімен өлең шумақтарын оқыды. Сонымен қатар қаламыздың балалар үйінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін арнады. Жұлдызды Сәт жобасының жеңімпазы, әнші Арман Қарынсау жүректен жүрекке жететін өлеңдерін арнады. Кеште «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жетпісбаев Нұржан Арғынұлына, Қарағанды облысы Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма басшысы Құттыбай Мирас Жанатбекұлына және Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облыстық хатшылығының басшысы Құсайын Ерлан Бейсенбайұлына құттықтау сөз берілді. Кеш соңында Ибрагим Ескендір үш мәрте Кеңес одағының батыры Талғат Бегелдинов атындағы әскери мектеп-интернатының Жас ұландарымен «Көк тудың желбірегені» өлеңімен Қазақстанымыздың көк туын желбіретіп өз мәресіне жеткізді.

2.JPG

1.JPG

3.JPG