Оралдық 60-қа жуық тұрғынға тегін кеңес берілді...

608 02.11.2017

«Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы тек жастармен ғана жұмыс жасап қоймай, сонымен қатар шаһар тұрғындары үшін де ұйымдастырып жүрген келелі шаралары да аз емес.

Солардың бірегейі «Жас Отан» ЖҚ «Жастар - Отанға» жобасы аясында ұйымдастырылатын «Кеңес орталығы» жобасы бүгінде оң нәтижесін беруде. Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында бұл игі шара қарқынды дамып келеді. Жастар мен қала тұрғындары үшін жұмыс жасап жатырған мемлекеттік немесе басқа да бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарына арналған іс-шараларды кешенді түрде жүзеге асыру, тұрғындарға заңнамалық негізде жеке кеңес беруді көздеген кеңес орталығы бүгінде өз жұмысын жаңа қарқынмен атқаруда.

IMG_4302.JPG

«Жас Отан» ЖҚ БҚОФ 30 қазан мен 2 қараша күні аралығында «Мирлан» базарының 1 қабатында орналасқан Кеңес орталығында әр күн сайын әр саланың мамандары: медицина қызметкері, жергілікті мәслихат депутаты, кәсіпкерлікті дамыту қоры маманы, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы, жастар ұйымдары мамандарымен 60-қа жуық қала тұрғындары мен жастарға қабылдау жүргізді. Кеңес орталығының мамандары жұмыссыз жастар мен тұрғындарға жұмыссыздық мәселесімен қатар, тұрғын үй мәселесі жайлы кеңес беріп, медицина қызметкерлері қала базарында жалдамалы жұмыс атқарып жүрген жұмысшылардың қан қысымын өлшеп, сәйкесінше дәрігерлік кеңестер берді.

IMG_4315.JPG

Бүгінгі жаһандық экономиканың дамыған уақытында өз кәсібімді ашып, жұмыссыздықпен күресемін деген жас замандастарымызға кәсіп ашудың алғышарттары түсіндіріліп, арнайы дайындалған ақпараттық брошюралар таратылды. Жұмыс жоспарына сәйкес Кеңес орталығы қабылдаулары алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

IMG_4356.JPG

Құрмашев Сабырбек, қала тұрғыны: Мен жалпы базарға азық-түлік алуға шығып едім,бірақ орталықтағы кеңес орталығын көріп өзімді мазалап жүрген тұрғын үй мәселесі бойынша сұрақтарыма жауап алдым. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ маманынан жинақ есеп шотымды ашу арқылы жеңілдіктермен баспанаға қол жеткізуге болатынын біліп, үй сатып алудың жеке қаржылық жинағын ашатын болып шештім .Бұл дегеніміз күнделікті пәтерақымның қаржысын болашақта тұратын өз үйіме жинауым жөн болады деп ойлаймын.