Ескелді ауданының жастары ардагерге көмек көрсетті

47 05.10.2017

Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.

Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға - апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

2017 жылдың 1 қазан күні Қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция аясында 13.05.1941 жылы туылған Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі тұрғыны Сафина Зинаида Петровна апамызға ауылдың белсенді жастары барып, ауласының тазалап,қысқы мезгілге отынын бұтап көмек көрсетті.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg