Талдықорғандық белсенділер заң колледжінде кеңес орталығын жүргізді

519 24.11.2017

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен қарашаның 24 күні әр облыста ашылған кеңес орталығы бойынша Талдықорған қаласы Заң колледжі студенттерінің арасында кеңес жүргізді.

-CSiYgqQPhY.jpg

Іс-шараға құқық қорғау органдарының мамандары құқық бұзушылық пен қылмыстың түрлерімен таныстырып, өздерінің құқықтарын біліп,заңға бағынуға шақырса, жастарға қызмет көрсету бөлімінің мамандары «Серпін», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Нұрлы жер», «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы 2020» сияқты мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

z_tT6Pvm79Q.jpg

Іс-шараның мақсаты: Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қажетті мемлекеттік бағдарламалар жайлы кеңінен мағлұмат айтып, кеңес беру.