Талдықорғанда«Балаларға бақыт сыйлайық» атты дөңгелек үстел өтті.

474 05.10.2017

Жастарға қызмет көрсету орталығында «Балаларға бақыт сыйлайық» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға «Ана үйі» АҚ үйлестірушісі Б. Жексембаева, "Бала асырап алуға қолдау көрсету" орталығының псиxологы М.Ибраимова, жас отбасылар, жастар қатысты. Б.Жексембаева жетім балаларды калай асырап алу керектігін және Аналар үйінде қалай тұруға болатындығын толықтай түсіндіріп берді.

"Өмірде түрлі қиын жағдайлар туындап жатады.Қолындағы құндақтаулы сәбиімен далада қалған жас ана қиналғанда баласын жетімдер үйіне тастап кете баруы мүмкін. Кейін бармақ тістеп, опық жеп жатқандар да аз емес. Бірақ қандай жағдай болмасын, баланың еш кінәсі жоқ. Біздің арманымыз жетім балалардың санын азайту. Аналарға қолдау көрсету", – деп атап өтті ол өз сөзінде.

Психолог маман: "Бұл балалар үйі емес. Сондықтан тағдырдың жазуымен танысып, бірге тұрып жатқан жас аналар уақытша болса да бұл жерді өз үйлеріндей көрулері керек. Демек, тамақты өздері әзірлеп, киімдерін де өздері жуып, әдеттегі тіршілік қамын істейді. Мұнда азық-түлік,балаға қажетті киімдер, ойыншықтар бәрі-бәрі қарастырылған.

Сондай-ақ, медициналық маман мен бала күтіміне жауапты көмекшілер де бар. Мұндағы бөлмелер кең әрі жайлы болғандықтан бір бөлмеде үш анадан тұрады. Барлық жағдай қарастырылып,жанға жылылық сыйлар шаңырақ болғанмен,бұл уақытша мекен екенін ұмытпаған жөн.

Біз беретін уақыт бір жарым жыл. Бұл көп те, аз да уақыт емес. Алайда, менің ойымша, осынша уақыт барысында балаға төленетін төлемақыны жинақтап, жұмыс қарастырып, баланың әкесімен де түсінісіп кетуге мүмкіндік бар деп есептеймін. Ең әуелі бөбегін балалар үйіне тастанды етпей, қасында алып жүрсе болғаны",-деп ойымен бөлісті.

Бала асырап алуда қандай құжаттар керек екендігі де айтылып өтті. Кездесу барысында тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар өзара пікір алмасты.

21728806_866383906859560_2466339494473749318_o.jpg