Мақсатымыз бен тарихымыз

12 қыркүйек 2013 , 17:38 · 113464 қараулар

Максатымыз

Жастар арасында мемлекет Басшысы және «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдаушылар қатарын арттыру.

Тарихымыз

«Жас Отан» Жастар қанатының тарихы «Нұр Отан» партиясының қызметімен тығыз байланысты. 2008 жылға дейін дербес заңды тұлға ретінде тіркелмеген «Жас Отан» ЖҚ партия басшылығымен бастау алған жобаларды жүзеге асыруға қатысты.

2008 жылдың 17 қаңтарында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Осы отырыста Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жастар қанатының съезін өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. «Жас Отан» Жастар қанатының алғашқы съезі осы жылдың көктем айына белгіленді.



2008 жылдың 14 мамырында еліміздің Астанасында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының І съезі өтті. Өзінің сөзінде Елбасы, Президент Н.Ә.Назарбаев «Жас Отан» ЖҚ алдына бірінші кезектегі тапсырмаларды қойды. Елбасы «Жас Отан» ЖҚ мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы рөлін атап, еліміздің әрбір жас азаматының өзінің әлеуетін дамыта алуға мүмкіндігі бар, бәсекелесуге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін барлық жағдайды жасауға шақырды.

«Жас Отан» ЖҚ І съезіне дейін «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жастардың негізгі заңдық құжаты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заңын талқылау бойынша парламенттік тыңдаулар өткізілді. Осы тыңдаулар аясында еліміздің барлық аймақтарында жастар конференциялары өткізіліп, съезге 310 делегат таңдалған. Съезге Қазақстан Республикасы жастар ұйымдарының өкілдері, партия мүшелері және Саяси кеңес бюросының өкілдері, мемлекеттік органдардың жетекшілері, ҚР Парламентінің депутаттары, Үкімет өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, БАҚ, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері сонымен қатар шетелден келген жастар қатысты. «Жас Отан» ЖҚ қызметі І съезд делегаттары бекіткен жарғы және 2008-2011 жылдарға арналған қызмет стратегиясы бойынша жүргізілді. Осы съезде өткізілген сайлауда «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы болып Нұрлан Өтешев сайланды.

2012 жылдың 16 қарашасында «Жас Отан» ЖҚ «Арман. Еңбек. Сенім.» атты ұранымен II съезі өтті. Съезде еліміздің жастар саясатын жаңа деңгейге шығаруға бағытталған 2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» стратегиясы қабылданды.

«Жас Отан» ЖҚ стратегиясының жобасын еліміздің барлық аймақтарындағы жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер, жұмысшы жастар, спортшылар, мәдениет қайраткерлері талқыға салды. Стратегияның 11 негізгі қызмет бағдары бар, олардың ішінде сапалы білім, еңбек, жастардың әлеуметтік бейімделуінің басты факторы, мәдени даму мен бірлік, жастардың кәсіпкерлігін дамыту, ғылымды дамыту, волонтерлік қозғалыс және тағы басқалары.

Съезге шетелден келген жастармен бірге 9 мыңнан астам делегат қатысты.

Съезде келесі 4 мәселе қарастырылды:
1.    «Жас Отан» ЖҚ-ның 2020 жылға дейінгі Стратегиясы ұйым қызметі үшін жаңа бағытқа айналды.  
2.    «Жас Отан» ЖҚ Жарғысына жастар саясатын дамытуға байланысты жаңа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
3.    «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесі сайланды.
4.    Нұрлан Сыдықов «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы болып сайланды.

2015 жылы  «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының Кезектен тыс ІІІ  Съезі.

Съездің жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарынан 2000 делегат қатысты.  Аталмыш Съезд Жастар қанатының ребрендингін аяқтаушы кезең болды. Шара нәтижесі бойынша жаңа Жарғы қабылданып, жаңа жетекші орган - Үйлестіруші кеңес құрылды және «Жас Отан» ЖҚ жаңа логотипі бекітілді. Орталық кеңес құрамына «Қазақстанның жастар конгресі», «Болашақ» қауымдастығы, «Жасыл ел» сияқты жастар ұйымдарының көшбасшылары кірді.

Съезде «Жас Отан» Жастар қанаты саяси тұғырнамасы болған 2020 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» жастар жетістік жолы» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама «Жас Отан» Жастар қанатының іс-қимылының идеологиялық, табысты болашаққа нақты қадамдары болмақ. Мақсаты «Қазақстан-2050» Стратегиясын сәтті жүзеге асыру және елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру болып табылады.

2015 жылдың 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен  «Елбасымен бірге - жаңа жеңістерге» жастар форумы  өтті. Форумға еліміздің барлық өңірінен 2 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтқанда, онда «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, мәслихаттардағы жас депутаттар, кәсіпкерлер, ғалымдар, белгілі спортшылар мен жастар ұйымдарының өкілдері жиналды.

Жастар форумы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә. Назарбаевты қазақстандық жастардың  атынан қолдау үшін негізгі сайлауалды алаңдардың бірі болды.

Электоралды кампания аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге үшін 30 мың «Жас Отан» ЖҚ мүшелері мен белсенді жас қатысты. 

« Кері қайту