Жас Отан

Жүктеу

ЖАС ОТАН
Нұр Отан – ол бәйтерек, болса біздер желегіміз,
Теңесіп тұр бақытқа төбеміз.
Елбасымыз сап берген, сара жолмен келеміз біз,
Өйткені біз, жемісті жеңіске сенеміз!

Қайырмасы:
Жас отан,
Алаштың айбары,
Жас отан,
Қуат, күш қайнары.
Жас отан,
Жарқын күн жайдары,
Еңселі елімнің,
Болашақ байрағы!

Нұр Отанның ізбасар, біз Жас Отан жалғасымыз,
Татулықты ұран ғып, сақтаймыз.
Жаңа талап, жас қыран, біз өмірдің арнасымыз,
Елбасының сенімін, үмітін ақтаймыз!

Қайырмасы:
Жас отан,
Елімнің өркені,
Жас отан!
Көркейтер өлкені,
Жас Отан!
Ғажайып еңселі,
Елімнің ертеңі,
Деп білем мен сені!