Астанада «Жас Отан» Жастар қанаты қызметін таныстыру кеші өтті

1 ақпан 2017 , 11:02 · 241 қараулар

«Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы C.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде студенттерге таныстыру жұмысын өткізді.

Кездесу аясында жасотандықтар студенттерге жастар қанатының атқаратын негізгі міндеттерімен, партиялық жобалар және жылдық жоспарымен таныстырды.

 «Іс-шара еркін форматта өткізілде. Біз үшін жастармен кездесіп, жастар саясатының өзекті сұрақтарын талқылаған маңызды. Бұл кездесу жастар арасында өте тиімді нәтиже беріп, олардың қоғамдық-саяси өмірге деген қызығушылықтарын артады деген үміттеміз», - деді «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалының Төрағасы Мұхамеджан Болысбек.

Сондай-ақ, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа жолдауы да назардан тыс қалмады. Іс-шара қатысушылары Елбасының жолдауын, оның ішінде Жастар саясатына қатысты сұрақтарға назар аударып, талқылады.

«Біз әрқашан «Жас Отан» Жастар қанатымен бірге жұмыстар атқаруға қуаныштымыз. Бұған дейін де универсететіміз партиялық жобаларға байланысты іс-шараларды назардан тыс қалдырмай, белсенді атсалысып келді. Одан әрі де «Жас Отан» Жастар қанатымен бірге жұмыстарымызды жалғастыратынымызға сенемін», – деді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Айгерім Кукеева.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының белсенді жастары, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері қатысты.

« Кері қайту