«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы»

2 ақпан 2017 , 17:03 · 346 қараулар

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы бірнеше жастарға рухани білім берді деп айта аламыз. Жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі бүгінгі күні маңызды болып отыр. Себебі жастарға тәрбиелік мәні бар, патриоттылық бағытында, адамгершілік тақырыбында, салт – дәстүр мен ұлттық құндылықтар тақырыбында әңгіме айтылуы сиреп барады. Оның үстіне қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіз оқиғалар жастардың қатысуымен жүріп жатыр. Кейбір ата–ананың балаға көңіл бөлетін уақыттары да жетпей жатады. Бұндай кездесулер тәрбиелік тақырыпты ғана қозғамай, белгілі тұлғаны да жастарға танытады, тәжірибе береді.

Бүгінгі жастармен кездесуге Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану мұражайының директоры, ұстаз Тамара Қалмырзақызы шақырылды. Тамара Қалмырзақызы 20 жылдан бері облыстық тарихи өлкетану мұражайын басқарып келеді. Жастармен кездесуде ол өзінің еңбек жолдарымен, тәжірибелерімен бөлісті. Жастарға өлке тарихынан, ұлт тәрбиесінен, салт – дәстүрден мағыналы әңгімелерін жеткізді. Одан бөлек жастардан қойылған қоғамдағы кемшіліктер, бала тәрбиесіндегі жетіспеушіліктер, дәстүрдің дамымай жатқан тұстары туралы сұрақтарға, өз пікірін, кеңесін шынайы әңгімеледі. Жастар неден қателеспеу керек, қандай бағытқа басымдылық берген дұрыс екенін де тілге тиек етті.

Ақтау қалалық жастар орталығы мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен кездесуге 40 қа жуық жастар қатысып, «Жастар үйінде» еркін сұхбат алаңы болды.

1 сағаттан аса болған кездесуге қатысушылар жақсы баға беріп, соңында естелік суретке түсті. 

« Кері қайту