Елордалық жасотандықтар Елбасы Жолдауын талқылады

3 ақпан 2017 , 9:53 · 350 қараулар

«Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы Қазақ технология және бизнес университетінде студенттермен кездесу өткізді.

Қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 қаңтар күні жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын талқылады.

Кездесуге «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері және университет студенттері қатысты. Қатысушылар Елбасының Жолдауындағы барлық бөлімдерді талқылап, оның ішінде жастар саясаты жөніндегі сұрақтарға аса назар аударды.

Президенттің билік тармақтарын үйлестіру мәселелері бойынша үндеуі де назардан тыс қалмады.

Кездесуде қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, алдағы уақытта болатын жаһандық реформаны талқылап, барша азаматтарды реформаны қолдауға шақырды.

Сонымен қатар, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері студенттерді алдағы жұмыс жоспарымен және партиялық жобалармен таныстырды.

« Кері қайту