Студенттер ҚР Президентінің үндеуін және Жолдауын талқылады

3 ақпан 2017 , 13:39 · 477 қараулар

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта қарастыру мәселелері бойынша және Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың кезекті «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау үшін ұйымдастырылды.

Кездесуге Елорда ұйымдарының көшбасшылары, басқарма басшылығы мен қызметкерлері,жастар ұйымдарының белсенділері мен университеттің белсенді студенттері  қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар арасында Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Парламент пен Үкіметтің өкілеттігіне биліктің  үлкен бөлігін беру мәселесі талқыланды.

Жолдау бойынша 5 басымдықтың артықшылықтарына тоқталып, жастарға тікелей қатысты жәйттарды талқылады.

Сонымен қатар, кездесу қатысушылары реформаны қолдауға шақырып және елдің саяси құрылымында алдағы уақытта болатын жаһандық өзгерістерді  талқылауда белсенді болуға  еліміздің барлық азаматтарын шақырды.
«Атап өткім келеді, біз барлығымыз тарихи сәттің куәгеріміз. Мемлекет басшысының бастамасы елімізде демократия дамуының осы кезеңінде өте маңызды болып табылады. Мен бұл реформалар тұтастай алғанда еліміздің дамуына жағымды әсер етеді деп ойлаймын»,-деді Астана қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі Ұзақбаев Даурен.
« Кері қайту