Ақмола облысында «Ардагерлерді ардақтайық» атты науқанды бастады.

3 ақпан 2017 , 17:29 · 603 қараулар

2017 жылдың 2 ақпанында «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы 17 аудан мен Көкшетау және Степногорск қалаларында «Ардагерлерді ардақтайық» атты науқанды бастады.

«Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы  жасотандықтары 2017 жылы 8265 ардагер, тыл еңбеккерлері мен жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсетуді жоспарлауда.  

2017 жылдың 2 ақпанында «Жас Отан» ЖҚ «Бурабай» колледжінің бөлімшесінің белсенділері күні бойы Татенов пен Махметов отбасыларына көмектесті. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының Жоғары колледж жасотандықтары ҰОС ардагерлеріне Казимир Барисовичке электорлық жүйесін өткізуде қол ұшын берді.

«Мен 1949 жылы дүниеге келдім. 1987 жылдан бастап Көкшетау қаласында тұрамын. Өмір бойы сылақшы маманы болып жұмыс атқардым. Күйеуім Еламан көптеген операциялардан кейін 2 топ мүгедегі болды. Жастарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жасотандықтар үлкен ынталарымен, мейірімділікпен ауламды қардан, қоқыстан тазартты. Жастармен әңгімелесіп, бір сергіп қалдым»  - деп Магрифа Махметова өз ойымен бөлісті.

Ардагерлер жасотандықтарға баталарын беріп, алғыс айтты.

«Бізді тек Жеңіс күні ғана еске алмай, басқа күндері де елеп, келіп, көмектесіп жатқандары үшін алғысымды айтамын. Қай кез болмасын «Нұр Отан» партиясына, «Жас Отан» жастар қанатына көмек сұрау мүмкіндігі біз үлкен қуаныш»- деді Казимир Борисович бөлісті.

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ақмола облысы бойынша барлық ардагерлерге, тыл еңбеккерлерге, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға атаулы көмек көрсетіп отырмыз. Ардагерлердің үйіне келген кезде қариялардың көздерінен тек қуанышты көреміз. Айта кету керек, жылдар өткен сайын ардагерлердің саны азаюда. Сондықтан, олармен өткізген әр уақытты бағалап, солардың ақ батасын алуымыз қажет деп ойлаймын» - деді  «Жас Отан» ЖҚ белсендісі Руслан Мукумов.

« Кері қайту