Астанада Президент Жолдауы талқыланды

5 ақпан 2017 , 10:17 · 889 қараулар

Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауын талқылау мақсатында «Жас Отан» жастар қанатының аймақтық филиалдарымен онлайн-конференция өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында Қазақстанның дамуына қойылған міндеттерді орындау үшін жаңа тапсырмаларды жүктейді.

«Жас Отан» жастар қанаты Төрағасының м.а. Ануар Жакупов Жолдауда айтылған міндеттер мен шешу жолдары Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік бағытындағы, соның ішінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған міндеттерді іске асыру бойынша одан әрі дамуының маңызды векторына айналатынын айтып өтті.

Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Маратұлы Сәбитов өз сөзінде Қазақстанның саяси және экономикалық ауқымды жаңғырту реформасының кезекті кезеңі жаңа жаһандық үрдісте еліміздің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Шара барысында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ департаментінің директоры Нұрланов Елдос Болатханұлы  «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы туралы атты. Бұл жоба әрбір қазақстандыққа алғашқы жұмысшы мамандықты тегін алуға мүмкіндік береді.

Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ еріктілері, белсенділері, «Сәтті қадам» партиялық жобасы мен «Жастар кадрлық резерв» жобасының қатысушылары, сондай-ақ, «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалдарының Төрағалары қатысты. Қатысушылар еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуге бағытталған Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы жастардың рөлін кеңінен талқылады.

« Кері қайту