Қарағандының жастарына Президенттің Жолдауында көрсетілген жаңа бастамаларды түсіндірілді

6 ақпан 2017 , 10:21 · 519 қараулар

Қарағанды қаласында «Жастарды жұмыспен қамту және тегін кәсіптік техникалық білім алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара ұйымдастырушысы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалы.

Отырысқа қалалық мәслихат депутаты Ғалым Әшімов,  «ҚазПласт» БПҰ-ның мүшелері, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері, орта білім беретін мектептердің оқушылары қатысты.

Отырыс аясында жастардың өзін-өзі таныту мүмкіндіктері, жастарды жұмыспен қамту мәселелері туралы айтылды.

«Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында Елбасы «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жаңа жобасы іске асырылатыны туралы жариялады. Тегін білім берумен жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар, сонымен қатар, кәсіптік білімі жоқ адамдар қамтылатын болады», - деді Ғалым Әшімов.

Жастармен әңгімелесу кезінде депутат жастардың білім алуы үшін, қоғам өміріне қатысуы үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті.

«Қазірғі уақытта жастарға арналған көптеген жобалар, сыйақылар бар. Сендерге өздеріңді көрсету үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Мұның барлығы жеке белсенділіктеріңе және талаптарыңа байланысты. Бүгіннен бастап қандай мамандық таңдау, қай салада білім алу, білім жетілдіру қажет екені туралы ойлануларың керек», - деді депутат.

Білім басқармаларының өкілдері облыстағы кәсіптік колледждердің бағыттары, болашақ мамандарды дайындайтын мамандықтар туралы ақпарат берді.

 

« Кері қайту