Солтүстік Қазақстан облысында Президент Жолдауын талқылады

6 ақпан 2017 , 10:31 · 242 қараулар

Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні «Нұр Отан»  партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының  Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы  Петропавл қаласынының №8 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу Елбасымыздың 31 қаңтар күні жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын талқылауға бағытталған.

Шараға  «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қаласының жасотандықтары, жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Қатысушылар Елбасының Жолдауындағы барлық бөлімдерді талқылап, оның ішінде жастар мәселелері мен білім беру салалары жөніндегі сұрақтарға аса назар аударды.

« Кері қайту