«Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалы «Көк базар» жұмыскер жастарымен, қызметкерлерімен, саудагерлерімен кездесу өткізді

6 ақпан 2017 , 10:41 · 631 қараулар

2017 жылдың 4 ақпан күні «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскеге қабілеттілік» жолдауын және Президент өкілеттіліктерін билік тармақтарына бөлу бойынша конституциялық реформаның жобасын түсіндіру бойынша «Көк базар» жұмыскер жастарымен, қызметкерлерімен, саудагерлерімен  кездесу өткізді.  

«Қазіргі күні, Астана қаласының барлық оқу орындарын аралап, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскеге қабілеттілік» жолдауын және Президент өкілеттіліктерін билік тармақтарына бөлу бойынша конституциялық реформаның жобасын түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Міне, бүгін осы жұмысты базар жастарына да түсіндіру көзделіп отыр. Елбасы жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен көңіл бөлінген. Базар саудагерлері сол бизнес саласының мамандары болғандықтан түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырмыз», - деп атап өтті «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының Төрағасы Мұхаммеджан Болысбек.

Іс-шараға қатысушы базар жұмыскерлері Жолдау бойынша көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоя алды.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Астана қалалық филиалының мүшелері, Астана қаласы «Көк базары» базарының қызметкерлері, саудагерлері  қатысты.  

« Кері қайту