Атырау облысында «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы сайланды

7 ақпан 2017 , 12:02 · 1556 қараулар

2017 жылғы 6 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалының Х есеп беру – сайлау конференциясы өтті.

Шараға аудандық және қалалық бөлімшелерден сайланған делегаттар, шығармашыл және спортшы жастар, қоғам қайраткерлер, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Конференция отырысын Атырау облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев ашып, «Жас Отан» жастар қанатының 2016 жылғы атқарылған жұмыс есебі тыңдалды.

Күн тәртібінде «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасын сайлау және кеңестің құрамын жаңарту мәселелері болатын.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы «Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Асқар Төребайұлы Бопылдықов ауыр науқастан кенеттен көз жұмған болатын.

Облыстық кеңестің бір ауыздан қабылданған шешімімен «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының  төрағасы қызметіне Ринат Маратұлы Ғилажев сайланды. Әр жылдары Ринат Гилажев Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Гуманитарлық» факультетінің оқытушысы,  «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының Атырау облыстық штабының жетекшісі, «Жастар таңдауы-Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің басшысы қызметтерін атқарды.

Отырыс соңында өңірдің басшысы Нұрлан Асқарұлы А.Бопылдықовтың еңбегінің өшпейтіндігін айтып, жастарды оның еңбегінен үлгі алуға шақырды.

« Кері қайту