Астанада Президент Жолдауын талқылау бойынша пікірталас турнирі өтті

8 ақпан 2017 , 10:17 · 259 қараулар

2017 жылдың 7 ақпан күні Елбасының өкілеттіліктерін билік тармақтарына бөлу бойынша үндеуін және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау үшін «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы  «Ақ Орда»  пікір-сайыс клубымен бірлесе, пікір-сайыс турнирін өткізді. 

Турнир барысында Президенттің өкілеттіліктерін билік тармақтарына бөлу бойынша конституциялық реформа, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалып, әр қатысушы өз пікірін ортаға салды.

Турнир қорытындысы бойынша қазақ тілі лигасында жүлделі үшінші орын «Ақ Орда»  командасына бұйырды. Ал, екінші орын «Дизайнерлер» командасына, бас жүлде болса «Тимон және Пумба» командасына тиесілі болды.

Турнир қорытындысы бойынша орыс тілі лигасында жүлделі үшінші орын Исраилов Алишер  және Буралхиев Қанатқа бұйырды. Ал, екінші орын Ерқосай Айгерімге және Сабыржанова Тоқжанға, бас жүлде болса Галеев Рүстемге және Кашапов Асхатқа тиесілі болды.

Турнирға барлығы 16 команда қатысып, ойын тартысты өтті.

Іс-шараға«Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының белсенділері, Қазақ технология және бизнес университетінің басшылығы, Астана пікір-сайысшылар ассоциацияның мүшелері қатысты.

« Кері қайту