Ақтөбе облысында ҚР Мәжіліс депутаттарының жастармен кездесуі өтті

8 ақпан 2017 , 15:19 · 682 қараулар

7 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттары Артур Платонов пен Дания Есбаева Қазақ-Орыс халықаралық университетінде «Жас Отан» Жастар қанаты белсенділерімен кездесу өткізді. Отырыс барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу бойынша және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Депутат Артур Станиславович сөзінде жаһандық даму барысында білімнің рөлін атап көрсетіп, үштілділік мәселесін көтерді. Ал Дания Мадиевна елімізде кәсіпкерлік саласындағы өзгерістер туралы сөз қозғады. Сонымен қатар жастарды, әсіресе ауыл жастарын бизнес ашуға шақырды.

Бір сағатқа созылған отырыс барысында жастар көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.  Айта кетейік, осы уақытқа дейін халық қалаулылары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде және А.Досжанова атындағы конференц холлда жастармен кездесу өткізген болатын. 

« Кері қайту