Атырау облысында Асқар Бопылдықовты еске алуға арналған І аудандық шағын футболдан чемпионаттың ашылу салтанаты өтті

8 ақпан 2017 , 16:06 · 1194 қараулар

7  ақпан күні Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде аудандық Жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» Жастар қанатының аудандық бөлімшесі «Жас Отан» Жастар қанатының Атырау облыстық филиалы төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, жастар көшбасшысы Бопылдықов Асқар Төребайұлын еске алуға арналған ауыл жастары арасында тұңғыш рет І аудандық шағын футболдан чемпионаттың ашылу салтанатын өткізді.

Шараға Махамбет аудандық мәслихат хатшысы М.Мырзашев, «Жас Отан» Жастар қанатының Атырау қалалық бөлімшесінің төрағасы Д.Сейтқалиев, «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филилы төрағасының орынбасары Р.Әженов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Е.Андашев, аудандық Ішкі саясат бөлімі басшысы О.Қайрекешова, сондай - ақ, Асқар Төребайұлының анасы, бауырлары, достары қатысты.

Ауданның әр ауылдық округінен 10 команда сынға түсетін чемпионат бір ай көлемінде өткізілетін болады.

« Кері қайту