Астанада «Жас Отан» және Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар ұйымдарының кездесуі өтті

9 ақпан 2017 , 16:22 · 820 қараулар

2017 жылдың 9 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе конституциялық реформаларды талқылау үшін этно-мәдени бірлестіктердің, Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары өкілдерінің және «Жас Отан»  жастар қанатының кездесуі өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын және президенттің өкілеттіліктерді билік тармақтарына бөлу туралы үндеуін талқылады.  Студенттер  өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасының  Мәжіліс Парламенті депутаты Сыздықов Тұрғұн Ысқақұлы, Астана қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық бірлестігінің қалалық Кеңес Төрағасы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Альпеисов Әміржан Каирұлы, Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының төрағасы, Астана қаласындағы ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы Абдусаламов Рустам Абдусаламұлы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің доценті, философия ғылымдарынң докторы, Астана қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми—эксперттік кеңесінің мүшесі Шаповал Юлия Васильевна, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы РМГ «Қоғамдық келісім» эксперті Споткай Максим Александрович, «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы төрағасы Болысбек Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы қатысты.

Кездесу барысында Болысбек Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы саяси жүйенің модернизациясы, мемлекеттік билік жүйесінің реформасы, Үкімет пен Парламент алдындағы атқарушы биліктің есеп беруін күшейту туралы баяндады. 

« Кері қайту