Көкшетау қаласы «Кеңес орталығы» консалтинг-орталағында азаматтардың қабылдауы өтті

9 ақпан 2017 , 18:06 · 573 қараулар

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ «Жастар – Отанға!» атты республикалық партиялық жобаны жүзеге асыруда. Жоба «Нұр Отан» партиясының Доктринасына сәйкес жүзеге асырылады, онда көрсетілгендей, «күшті ұлт - мемлекеттің дамуы мен гүлденуіне өз үлесін қосуға дайын, жауапты азаматтар болып табылады. Патриотизмнің негізін құрайтын осы құндылықтардың рухында жастарды тәрбиелеу, үнемі табысқа және Қазақстанның гүлденуіне негізгі болады».

Жобаның мақсаты:

- жастар үшін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша консалтингтік қызметің кешенді жүзеге асыру («Жастар кадрлық резерві», «Қол жетімді тұрғын-үй - 2020», «Сәтті қадам» және т.б.), «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және тағы басқа құзыретті органдардан кеңес алу;

- жастарға жеке кеңес және заңды аспектілерді, ІІД қызметкерлері, жастар ресурстық орталықтарының психологтардың арқасында, кедергілерді жеңу үшін жастарға психологиялық көмек көрсету;

- мәслихаттар депутаттарының, үкіметтік емес сектордың өкілдерінің қолдауымен жастар арасында жұмыссыздық және құқықтық сауаттылығын анықтау үшін барлық әлеуметтік күштердің топтасуы;

- кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға, түйіндеме жазу көмек, бос жұмыс орындары іздеу және іріктеу, аймақтағы жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдар мен кадр саясатын өкілдерінің қатысуымен белсенді консультативтік көмек көрсету.

Осылайша, 2017 жылдың 8 ақпанында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Ақмола облыстық филиалының базасында әр түрлі салалар бойынша азаматтарды қабылдау өтті. Кеңесті Көкшетау қалалық маслихат депутаты – Еркін Есімбаев, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі – Еркебұлан Балбергенов, «Тұрғынүйжинақбанкі» бизнесті дамыту бөлімінің басшысы – Асет Боранбаев, мемлекеттік қолдау нұсқаулар түрлерін және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жоспарларының консультанты – Жадыра Сулейменова өткізді.

Консалтинг-орталығының жұмыс барысында 50-ден астам адам тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жер мәселелері және облысымызда бизнесті дамыту жөніндегі сұрақтар мен жобалар туралы шағымданды. Сонымен қатар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Елбасымыздың жолдауы мен тұрғын үй сатып алуға арналған ережелер мен жәрдемақы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғын алудағы жәрдемақы мәселелері мемлекеттік қызметкерлерге ғана студенттерге де қызық болды. Жастар қазірден бастап болашағы туралы алаңдауда,  студенттік шағынан бастап «Тұрғынүйжинақбанкте» шот ашып қойған.

Сонымен қатар, шара аясында түскен екі жазбаша өтініш «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Бекмағамбетовтың бақылауына алынды. 

« Кері қайту