Ақтөбе облысында «Кеңес орталығы» консалтинг орталығында қабылдау өтті

9 ақпан 2017 , 15:15 · 225 қараулар

Бүгін Ақтөбе қаласы орталық базары аумағында орналасқан «Кеңес орталығы» консальтинг орталығында кезекті тұрғындарды қабылдау өтті. Аталмыш шараға облыстық мәслихат депутаттары М.Итеғұлов пен Д.Довматенко, «Жас Отан» ЖҚ АОФ төрағасы Асылжан Буркиталин, ХҚКО мамандары Гүлзира Макебаева және Мөлдір Баекенова, ІІД қызметкері Баян Кадирова, партияның АОФ қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Мүлкаев базар қызметкерлері мен сатып алушыларды қабылдады. Қатысушылар өкілетті орган қызметкерлеріне заңнамадағы өзгерістер туралы толық ақпарат алып,  сұрақтарын қойды.

Сонымен қатар алыс ауылдар мен аудандардан келген азаматтардың арыз шағымы негізінде жекелеген құқық қорғау саласы қызметкерлері тарапынан жиі заңбұзушылықтың орын алатыны анықталды. Алдағы уақытта бұл мәселе бойыншада заңды шешім қабылданбақ.

«Жас Отан» Жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Асылжан Бүркіталиннің айтуынша осы тектес шаралардың маңызы зор. Өйткені базар маңындағы жастар мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамалық өзгерістерден жұмыс режиміне байланысты ақпаратсыз қалып жатады. Сол себепті алдағы уақытта да осындай қабылдауларды өткізіп тұру жоспарланғанын жеткізді.

Шара барысында билік тармақтарын қайта бөлу туралы да сөз қозғалды. Қатысушылар конституциялық өзгерістердің артықшылықтарымен танысқаннан соң, Елбасы шешімін толық қолдайтындықтарын жеткізді

« Кері қайту