«Жас Отан» ЖҚ Тараз қалалық бөлімшесінің кеңейтілген Кеңес отырысы

11 ақпан 2017 , 15:16 · 404 қараулар

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кеңейтілген Кеңес отырысы өтті. Отырысқа партия Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Ілиясұлы Асқарбеков, «Жас Отан» ЖҚ Жамбыл облысы филиалының төрағасы Уалихан Болатбекұлы Болатбек қатысты.

Кеңейтілген Кеңес отырысында 2016 жылдың II жарты жылдығында және  «Сәтті қадам», «Жастар – Отанға!» партиялық жобалар аясында Кеңес мүшелерінің атқарған жұмыстары туралы және қалалық «Жас Отан» Жастар қанаты Кеңесінің 2017 жылдың  I жартыжылдығына арналған желілік кестесі, жұмыс жоспары, медиа жоспарын бекіту мен 2016 жылдың 25 тамызында өткен партия Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында берілген тапсырмалардан туындайтын міндеттер туралы мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, жарыссөзде Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Е.Төлендиевтің NEET және  маргиналды жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі мен осы аталған топтағы қылмыстың алдын алуда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Кеңейтілген Кеңес отырысында «Жас Отан» ЖҚ Жамбыл облысы филиалының төрағасы Уалихан Болатбекұлы сөз алды. «Жас Отан» ЖҚ қалалық бөлімшесінің 2016 жылдың II жарты жылдығында атқарған жұмыстарына оң баға бере отырып,  еріктілер қозғалысының жұмысын жандандыру, «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында ата-ана қамқорлығынан айырылған жастар мен Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті деңгейінен өте алмаған және Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған түлектермен жүйелі жұмыс жүргізілуін, Елбасы жолдауынан туындайтын міндеттерге сәйкес кәсіптік–техникалық мамандықтарға қайта оқытумен қатар жұмыспен қамтуға дұрыс бағыт бағдар көрсету және өндірістегі жастармен жұмыс жүргізу, әлеуметтік желілерде жұмыс жасау сынды кеткен кемшіл тұстарға сын-ескертпе жасады.

Отырыс соңында күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, 2017 жылдың I жартыжылдығына арналған желілік кесте, жұмыс және медиа жоспарлары Кеңес мүшелерімен бірауыздан бекітілді. 

« Кері қайту