«Жас Отан» Жастар қанаты Жолдаудың негізгі ережелері туралы үндеухат тарату Республикалық акциясын өткізді

13 ақпан 2017 , 15:15 · 611 қараулар

2017 жылдың 12 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауының негізгі ережелері туралы үндеухат тарату Республикалық акциясы өтті.

Президент Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз етуге арналған бес басымдық туралы айтады, олардың біріншісі Қазақстан экономикасының жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы болып табылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында Қазақстанның дамуына қойылған міндеттерді орындау үшін жаңа тапсырмаларды жүктейді.

Осы ретте 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру үшін еліміздің барлық аймақтарында жұмыс жүргізілуде.

Шара арасында адамдар қызығушылық танытып, білім беру, жұмысқа орналасу және мемлекеттік бағдарламалар туралы сұрақтарын қойды. 

« Кері қайту