Елордалық жасотандықтар Елбасы Жолдауы мен үндеуі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

14 ақпан 2017 , 15:15 · 725 қараулар

2017 жылдың 14 ақпан  күні «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Президент өкілеттіліктерін билік тармақтарына бөлу бойынша үндеуін және «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша «Еркін пікір» пікір-талас алаңының отырысын өткізді.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Президент өкілеттіліктерін билік тармақтарына бөлу бойынша үндеуі және «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы талқыланды.

Отырысты аясында «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының Төрағасы Мұхаммеджан Болысбек Елбасының Жолдауына сәйкес, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігін атап өтті. Жолдауда Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның бірінші жаңғыруы – ол әлем картасында болмаған жаңа мемлекеттің құрылуы. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру жастардың үлесі зор болады. Осы себептен де бүгін осындай пікір-талас алаңын өткізіп отырмыз деп атап өтті.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының мүшелері, Астана қаласының белсенді жастары, Астана қаласы колледждерінің басшылығы және студенттері қатысады.

« Кері қайту