Орал қаласында «Еркін пікір» дискуссиялық клубының кезекті отырысы өтті

15 ақпан 2017 , 15:14 · 519 қараулар

Бүгін «Жас Отан» ЖҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Еркін пікір» дискуссиялық алаңының кезекті отырысын өткізді. Басты тақырып - Елбасы Жолдауы және Конституциялық реформалар.

Шараның басты мақсаты - Жолдау бойынша жастардың ілгерілеу бағытын анықтау, тиімді механизмдерді ұсыну, мақсатымызды айқындау болып табылады.

Шараға п.ғ.д., профессор Абат Қыдыршаев, з.ғ.д., профессор Рустам Сүлейманұлы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев қатысты.

Эксперттердің жолдаудың басымдықтары мен Конституциялық реформалардан туатын өзгерістер жөнінде сөздерін тыңдағаннан соң, жастар тарапынан конституциялық өзгерістер енгізілуінің халықаралық тәжірибесі, жолдауда көрсетілген тіл мәселесі, ауыл мұғалімінің статусы, жас мамандардың дайындығы, мектеп оқушыларының мамандық таңдауы жөнінде сұрақтар қойылды.

Отырыс қорытындысы:

- «Speaking day» атты жастар алаңын құру;

- Жастар тарапынан басқарма қолдауымен проф-ориентациялық жұмыстар жүргізу бойынша жастар өкілдерінен топ құру;

- Жас мұғалімдердің басын біріктіретін шаралар ұйымдастыру жөнінде білім басқармасына ұсыныс беру;

- Отырыс мүшелерінің Конституциялық реформалар жөніндегі қолдауын білдіру.

« Кері қайту