Алматы қаласындағы «Еркін пікір» отырысы

16 ақпан 2017 , 15:13 · 544 қараулар

15 ақпан күні Алматы қаласы «Жас Отан» ЖҚ  Әуезов аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылау бойынша «Еркін пікір» дискуссиялық алаңының отырысы Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде өтті.

Шара барысында Алматы мемлекеттік көпсалалы колледжінің жас оқытушысы Жортулы Байжүнісұлы: «Елбасының аталған маңызды мәселелерді халық алдында, жастар алдында талқыға салуы бізге жүктелген сенімнің жауаптылығын көрсетеді. Әсіресе, мемлекеттік және ағылшын тілдеріне берілген басымдықтың, шағын бизнесті дамытуға берілген қолдаудың бар екендігі жастарға ұсынылған мүмкіндіктердің көрінісі деп атауға толық негіз бар» деді.

Сондай-ақ, шара сонында Әуезов ауданының оқу озаттары мен белсенді жастары «Жас Отан» ЖҚ қабылданып, оларға мүшелік билеттер табыс етілді.

« Кері қайту