«Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында жастарға бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды

16 ақпан 2017 , 16:55 · 179 қараулар

2017 жылдың 16 ақпан күні «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы ғимаратында «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Жұмыс іздеушілерге 72 мекемеден 869 жұмыс орны ұсынылды.

Шараға жалпы саны 1000 жуық жас жұмыс іздеп келді. Олардың арасында мүлдем жұмыссыздармен қатар жұмысқа енді орналаспақ ниеттегі ЖОО мен көлледж түлектері де бар. Солардың бірі - Аяулым Бисенғалиева. Оның мамандығы - «инженер-программист».  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде мамандығы бойынша жұмыс жасаған. Тұрмысқа шыққан соң жұмыстан шығуына тура келіпті. 2 жыл бала тәрбиесімен үйде отырған жас ана жәрмеңкеге үлкен үмітпен келгенін айтады.

«Энергосистема» ЖШС-де «инженер-программист» мамандығына сұраныс бар екен. Түйіндемемді тапсырып, әңгімелесуге шақырту алдым. Мұндай шаралар көптеген жас маманның жұмыс табуына жол ашады», - деді Аяулым Бисенғалиева.

Сонымен қатар шара барысында келушілерге заңгердің кеңесі тегін ұсынылып, азаматтарды әлеуметтік сұрақтар бойынша қабылдау өтті. 

« Кері қайту