«Еркін пікір» жобасы аясында жастардың Көкшетау қалалық маслихат депутаты және Ауғанстан соғысының ардагерлерімен кездесуі өтті

17 ақпан 2017 , 15:12 · 446 қараулар

«Еркін пікір» жобасы аясында Азаматтық көпсалалы қорғаныс колледжде жастардың Көкшетау қалалық  маслихат депутаты Әсия Шаримова мен және Ауғанстан соғысының ардагерлері – Қанат Бралин мен Жанатай Қусаиновпен кездесуі өтті. Кездесудің модераторы «Жас Отан» ЖҚ АОФ төрайымының орынбасары Самира Тайтенова болды.

«Еркін пікір» атты пікірталас алаңның мақсаты – ол жастар арасындағы мәселелердің шешімін тауып, жастардың әлеуметтік-саяси белсенділігін арттыру.

Кездесу барысында Әсия Шаримова 31 қаңтар күні жарияланған Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіріп, өз өмірбаянын да айтып өтті. Ал жастар іскер әйелдің батылдығымен шабытталды.

Сонымен қатар кездесу барысында Ауғанстан соғысының ардагерлері  Қанат Бралин мен Жанатай Кусаинов өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

«Уақыттың тығыздығына карамастан, бізге келіп, сұхбат бергендеріңіз үшін сізге алғысымды білдіремін. Бәріміз білетіндей 15 ақпан күні –әскерлердің Ауғанстан жерінен шығарылған күні, сізді осы мерекемен құттықтаймын. Бүгінгі таңда, Қанат Майкенұлы, жастар сіз жасаған батылдыққа барады ма, қалай ойлайсыз? Сіз жастарға сенесіз бе?» – деп Ғазиз Конкобаев сұрағын қойды.

«Біз тәуелсіз, егеменді елде тұрып жатырмыз, біздің балаларымыз ешқандай қиындықты білмей өсті. Иә, мен қазіргі жастарға сенімдімін. Қазіргі таңда, Қазақстан туралы барлық мемелекеттер біліп отыр. Міне күні кеше ғана Алматыда бүкіләлемдік универсиада өтті, онда да біз алдыңғы орынға ие болдық. Қазір дарынды, табысты, мақсатты жастар көп. Қазақстан барлық қиындықтарды өтеді деп сенемін. Жастарға тек ризашылығымды білдіргім келеді» – деп «Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» облыстық бірлестігі төрағасының орынбасары Қанат Бралин өз ойымен бөлісті. 

« Кері қайту