Солтүстік Қазақстан «Кеңес орталығы» консалтинг орталығында вице-министр болды

17 ақпан 2017 , 19:06 · 287 қараулар

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Петропавловск қаласы жастар қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Нүкенов Абзал Нүкенұлымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында «Жас Отан» жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облысытық филиалының төрағасы Муса Танакулов атқарылып жатқан жұмыс жайлы сөз қозғады. Өз есебінде төраға облыста жүзеге асырылып жатқан партиялық жобалар туралы, сондай-ақ, «Кеңес орталығы» консалтинг орталығының жұмысына ерекше назар аударып, орталықта мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлер азаматтарды қабылдайтындығын айтып өтті. Олар келушілерге жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік және басқада бағдарламалар туралы түсіндірме жұмыстарын өткізеді.

«2016 жылда және 2017 жылдың басында «Кеңес орталығы» консалтинг орталығында 691 азамат қабылданды. Солтүстік Қазақстан облысының консалтинг орталығы «Жастар-Отанға!» республикалық байқауда «Ең үздік консалтинг орталық» болып танылған болатын»- деді, Муса Танакулов.

«Жас Отан» жастар қанаты Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жұмысына вице-министр оң баға берді. Кеңес орталығының жұмысына қызығушылық білдіріп, орталықтың өте тиімді жерде орналасқандығын айтты. Себебі базардағы жастардың мұндай кеңестерге мұқтаж екені белгілі. 

« Кері қайту