Ақтөбе облысында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада еріктілері шеберлік сабақ өткізді

20 ақпан 2017 , 15:11 · 479 қараулар

Ақпан айының 18 күні Ақтөбе облыстық партия филиалы ғимаратында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада еріктілері шеберлік сабақ өткізді. Шара «Еріктілер мектебі» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Шеберлік сабақ аясында Универсиада еріктілері жасотандықтармен өздерінің қысқы ойындар кезінде алған тәжірибелерімен бөлісті.

Солардың бірі Асем Байжарықова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 3 курс студенті, «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының белсендісі.

«Біз Универсиада барысында көп нәрсені үйрендік. Қазақтанның түкпір-түкпірінен, тіпті шет елдерден жаңа достар таптық.  Әрине, қиындығы да көп болды, алайда үш апта уақыт көзді ашып жұмғанша өте шықты. Ендігі жоспар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу» – дейді ерікті.

Жалпы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға Ақтюбе облысынан 12 ерікті қатысты.

Айта кету керек,  «Еріктілер мектебі» жобасы аясында ЭКСПО-2017 көрмесінде қызмет көрсетуге Ақтөбе облысы бойынша 100 белсенді жас іріктелді. Оларға тіл үйрету, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауға арналған оқу-курстары жүргізілуде. Сондай-ақ, психологиялық тренингтер де өтеді, өйткені халықаралық көрмеде еріктілер психологиялық күйзелістермен кездесіп оларды жеңу амалдарын білу керек.

« Кері қайту