«Астана – жастар қаласы» атты жастар форумы өтті

21 ақпан 2017 , 15:33 · 261 қараулар

2017 жылдың 21 ақпан  күні «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Президент өкілеттіліктерін билік тармақтарына бөлу бойынша үндеуін және «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын қолдау мақсатында «Астана – жастар қаласы» студенттік жастар форумын өткізді.

Форум барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы талқыланды.

Форум қатысушылары өз ойларын білдіріп, Жолдауда крсетілген бес басымдықты талқылады. Әсіресе, жастар саясаты мәселелеріне, білім және ғылым даму сұрақтарына аса назар аударды.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының мүшелері, Астана қаласы Кәсіподақтар Орталығы төрағасының орынбасары Кунадилов Төлеген Нығметжанұлы, «Астана опера» театрының қонақтарға қызмет көрсету орталығының директоры Жандаулетова Әсел Есембекқызы, Астана қаласындағы жас кәсіпкер Балтаев Айдос Серікжанұлы, Астана қаласының белсенді жастары, Астана қаласы колледждерінің басшылығы және студенттері қатысты.

« Кері қайту