Алматыда Елбасы Жолдауы аясында пікір-сайыс турнирі өтті

24 ақпан 2017 , 18:36 · 659 қараулар

23 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәжіліс залында, Алматы қаласы «Жас Отан» жастар қанаты Бостандық аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауы аясында «Агроөнеркәсіптік кешендерді кооперативтерге біріктіру» тақырыбында студенттер арасында пікір-сайыс турнирі өтті. Сондай-ақ, сайысқа «Алтын сапа» дебат клубының республикалық жеңімпаздары қатысты.

Сайыста пікірсайысшылар өз ойларын ашық жеткізіп, белсене Елбасы Жолдауын талқылап, еліміздің жарқын болашағы жолында өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды.

«Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің 2017 жылғы халыққа Жолдауында агроөнеркәсіп саласын дамытуға айрықша мән беріп өтті. Ол экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге бағытталған 5 басымдықты көрсеткен болатын. Және аграрлық сектордың экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс екендігін айтты. Бүгінгі іс шара барысында қатысушылар осы тақырыптарды кеңінен талқылап, елімізде шағын және орта бизнестерді одан әрі дамытып, болашақ жастарға білімін жетілдіру жолындағы  ұсыныстар туралы сөз қозғады,» – деді «Жас Отан» ЖҚ Бостандық аудандық бөлімшесінің жетекшісі Дүйсебай Байдібек.

Сайыс соңында қатысушы командалар «Жас Отан» ЖҚ  Алматы қалалық филиалының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

« Кері қайту