Ақтөбе облысында «Болашақ энергиясы» атты Республикалық ашық пікірсайыс турнирі өтті

26 ақпан 2017 , 11:27 · 576 қараулар

Ақпан айының 25-26 күндері Ақтөбе қаласында өткен «EXPO – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне байланысты «Болашақ энергиясы» атты Республикалық ашық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Қазалы,  Атырау, Орал, Алматы, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Ақтау қалаларының пікірсайысшылары қатысты.

Шара «Жас Отан» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалы, облыстық ресурстық орталық, сондай-ақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанынан құрылған «Ритор» ЗПК ұйымдастырылуымен өтті. Ойын АПФ және ЛД форматында өткен болатын.

Турнирдің 1-ші күні іріктеу кезеңі, ал 2-ші күні жартылай финал мен финал өтті.

Ойын нәтижесі бойынша І орынды «Императордың триумфы» фракциясы, ІІ орынды «Координатор мен сенатор» командасы, ал ІІІ орынды «Айтұмар» фракциясы иеленді. Хасенұлы Бердімұрат «Үздік спикер» атанды. «Бас төреші» номинациясы бойынша Сарин Еркін марапатталды.

Шара соңында қатысушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, Ақтөбе облысы жастар саясаты басқармасының басшысының м.а. Мұқанов Сәбит Сабырұлы дипломдар марапаттады. 

« Кері қайту