Батысқазақстандық жастар ардагерлерді театрға шақырды

13 наурыз 2017 , 18:51 · 764 қараулар

Бүгінгі жас, ертеңгі - қария. Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін «Жас Отан» ЖҚ жастары «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысындағы ҰОС ардагерлері мен облысымыздың дамуына өз үлестерін қосқан  еңбек ардагерлерін Қазақ драма театрына апарды.

Жексенбілік демалыстарында «Алтын көрсе періште...» атты қойылымды  тамашалаған ардагерлер жасотандық жастарға баталарын беріп, алғыстарын айтып тарқасты.

Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының «Ардагерлерді ардақтайық!» атты жобасы бірнеше жылдан бері жүзеге асырылуда. Жоба аясында еліміздің жастары аға ұрпақ өкілдеріне лайықты құрмет көрсету жұмыстарын атқарып келеді.

Аталмыш жобаның негізгі мақсаты – жыл санап қатары күзгі жапырақтай сиреп бара жатқан ардагерлерге қамқорлық жасау. 

« Кері қайту