«Еркін пікір» жастар дискуссия алаңы

14 наурыз 2017 , 15:52 · 839 қараулар

13 наурыз күні «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Еркін-пікір» дискуссиялық клубының кезекті отырысы өтті. Клуб отырысының бүгінгі қонағы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Сәрсенкүл Бихожаева. Жиынға студенттер, областық жасотандықтар қатысты. Кездесу аясында  Елбасы қол қойған ҚР Конституциялық өзгерістер туралы сөз қозғалды.

«Қабылданған конституциялық өзгерістердің барлығы, ел болашағы үшін жасалған нақты қадам. Еліміз қазіргі таңда демократиялы дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Елбасымыздың биылғы «Қазақстанның жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» - атты  Жолдауы жаңғырудың жаңа кезеңін көрсеткендей» - деп айтып өтті Сәрсенкүл Бихожаева.

Еркін пікірде студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.

Аталмыш пікірталас Маңғыстау облысында жалғасын тапты. Ақтау қаласындағы «Жастар үйі» ғимаратында қаладағы «ForteBank» филиалының директоры, Маңғыстау облыстық маслихатының депутаты Урисбаев Аббат Жәігірханұлы жастармен кездесті.

Кездесу аясында Аббат Жәігірханұлы жиналған жастарға өзінің өмір тәжірибесінен бастап, қызметтегі қиындықтар мен жеткен жетістіктері туралы айтып, жастардың қызығушылығын күшейтті. Сөз барысында депутат жеткен жетістігіне өзінің еңбекқорлығы, жауапкершілігі мен жұмысқа деген икемділігі себеп болды дейді. Банк саласындағы қызықты кездерін айтып, жас мамандарға кеңестерін берді.

Жастар тарапынан депутаттық кезеңнен бастап сұрақтар қойылды. Депутаттық мандаттың жауапкершілігін өзінің мәслихаттағы миссиясын түсіндірген халық қалаулысы жастарға қызметтік өсімнің қыр сырын түсіндірді. Облыс көлемінде жоспарланған ауқымды шаралары мен жобаларын айтты.Сондай-ақ, Елбасы жолдауындағы басымдылықтар мен жастар саясаты төңірегінде әңгімен қозғалды. Белгілі бір маман иесі атанудың тиімді жолы ізденіп білім жинау, ерінбей еңбек ету деп қорытындылады депутат.

«Еркін пікір» дискуссиялық алаңы Ақтау қалалық жастар орталығы мен бірлесе өткізілді. 

« Кері қайту