«Сәтті қадам» жобасы аясында жұмысшы топ құрылуда

14 наурыз 2017 , 18:03 · 576 қараулар

«Сәтті қадам» партиялық жобасы 2016 жылы жас мамандарға тағылымдама ұйымдастыруға бағытталған жоба ЖОО мен ТжКБ түлектері болып табылатын жетім балаларды жұмысқа орналастыруға және Ұлттық Бірыңғай Тестілеу кезінде шекті деңгейге жетпеген мектеп түлектеріне әрі қарай оқуды жалғастыруға немесе жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жаңа бағыттармен толықтырылған болатын. Жобаның үшінші бағытын жүзеге асыруда облыстарда жұмысшы топ құрылуда.  

Жұмысшы топ құрамына партияның өңірлік филиалдары, «Жас Отан» облыстық филиалдары, білім беру басқармасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жастар саясаты жөніндегі басқармасы, қорғаныс істері жөніндегі және ішкі істер департаменті, жоғары оқу орындарының өкілдері кіреді.

13 наурыз күні Қызылорда облысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаевтың қатысуымен «Сәтті қадам» жобасын жүзеге асыру бойынша құрылған жұмысшы топтың алғашқы отырысы өтті. Түрлі сала басшыларынан құрылған жұмысшы топқа алдағы уақытта «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ә.Ерсұлтанов жетекшілік етеді.

Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы ҚОФ саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі А.Жарылқасынов ҰБТ-да қажетті ең төменгі балды жинай алмаған түлектермен жұмыс жасау барысы туралы хабарлама жасады. Ал ЖОО мен ТжКБ түлектері болып табылатын жетім балаларды жұмысқа орналастыру мәселесіне «Жас Отан» ЖҚ ҚОФ төрағасы А.Сабанбаев тоқталып өтті.

«Алдағы уақытта осы жұмысшы топпен біріге көп жұмыстар атқаратын боламыз. «Жетімнің ризығы – жұрттан. Жетім көрсең, жебей жүр»- дейді дана қазақ. Жоба аясында бірнеше мекемелермен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық», – деді А.Сабанбаев.

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев қорытынды сөзінде мекеме басшыларына жастар ел болашағы екенін ескере отырып, әр жобаға жауапкершілікпен қарап, «Жас Отан» жастар қанатына қолдау көрсетуді жүктеді.

Сондай-ақ, жұмысшы топ Батыс Қазақстан облысында да құрылды. Жұмысшы топ мектеп түлектері арасынан ҰБТ шекті деңгейге жетпеген түлектерге әрі қарай оқуын жалғастыруға және жұмысқа, орналастыруға көмек көрсетуге бағытталған

Айта кету керек, партия қазақстандық кәсіпорындармен жемісті ынтымақтастық орнатып, «Сәтті қадам» жобасы аясында колледждер мен ЖОО түлектеріне тәжірибеден өтуге, кейін жұмысқа орналасуға көмектесіп келеді. Осылайша, мыңдаған жастың өмірден өз орындарын табуына жағдай жасады. Бүгінде Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған партияның бұл бастамасын Қазақстанның 240 жетекші компаниясы қолдап отыр.

« Кері қайту