Оралда «Эрудит» зияткерлік ойыны өтті

15 наурыз 2017 , 11:30 · 262 қараулар

14 наурызда «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Эрудит» зияткерлік ойыны өтті.

Ойынға Орал қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты. Сұрақтар саясат, тарих, өнер және спорт бағыттары бойынша қойылды.

Ойын нәтижесі бойынша «Юниферм» және «Саясат санлақтары» командалары 3 орын иеленіп, «Ынтымақ» командасы 2 орын алса, алға суырылып шыққан «Ақжайық» командасы үздік атанды. 

« Кері қайту