Батыс Қазақстан облысының жастарына тренинг өткізілді

15 наурыз 2017 , 11:58 · 283 қараулар

14 наурызда «Жас Отан» ЖҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалында «Жастар кадрлық резерві – 2015» жобасының қатысушысы Ықсанова Зарина «Жас саясаткерлер» мектебінің тыңдаушыларына арналған «Өзін-өзі жетілдіру дағдылары» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг барысында күнделікті өмірде маңызға ие коммуникация дағдылары мен мемлекеттік қызметте жәрдем берер іскерлік коммуникация дағдыларының қыр-сырын аша отырып, оны жетілдіру жолдары атап көрсетілді.

«Бүгінгі шара «Жас Отан» жастар қанатының әрбір жобасының тиімді екенін дәлелдейді. Себебі, Заринаның «ЖКР-2015» жобасынан алған іс-тәжірибесі «Еріктілер мектебі» жобасының жастарына пайдасын тигізуде. Аталмыш тренинг болашақ саясаткерлердің тұлғалық дамуына әсер етеді деген ойдамын» – деп, «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ төрағасы Жолдасқалиев Нұрғали ойымен бөлісті.  

« Кері қайту