«Көрісіп, батасын ал ақсақалдың…»

15 наурыз 2017 , 15:30 · 398 қараулар

14 наурыз – көрісу күніне орай Батысқазақстандық жасотандықтар өңірдің  соғыс және тыл ардагерлеріне, қоғам қайраткерлеріне, өнер мен мәдениеттің дамуына үлес қосқан зиялы қауым өкілдеріне көрісіп, оларды шуақты көктем мерекесімен құттықтады.

Көрісу мерекесі еліміздің батыс өңірлерінде сақталып, бүгінгі күні кеңінен тарай бастаған, мереке 14-наурыздан бастап қыстан аман-есен шығып, қауышудың белгісі ретінде тойланады.

Көнекөз қариялардың айтуы бойынша, Жаңа жылды қарсы алатын ауыл-аймақ тұрғындары үйлерінің айналасын жинақтап, дастархандарын сайлап алады. Негізгі мереке таң сібірлеп атысымен жасы үлкен адамдарға сәлем беріп, «Жасыңыз құтты болсын!», «Бір жасқа шығуыңызбен» деп ізгі тілектерін айтумен басталады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бірін-бірі қонаққа шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. 

« Кері қайту