«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында кездесулер өтті

18 наурыз 2017 , 17:45 · 640 қараулар

Еліміздің барлық аймақтарында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында кездесулер өтті.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында  кездесу өтті.

Кездесуге «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы - Сүндетбаев Данияр Манарбекұлы, облыстық мәслихаттың депутаты - Нұржанов Абай Құралұлы, белгілі тележурналист, жүргізуші - Асхат Садырбай  қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – еліміздің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану үрдісін туындатқан жаңа белестерге, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері, келешек жас буынға ұлттық тарихымыздың мәнін терең түсіндіру, бүгінгі буынның ерен істері мен жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастықты нығайту міндеттері туралы ой қозғау.

Кездесу барысында мемлекетімізде болып жатқан саяси оқиғалар мен реформаларға түсініктеме беріліп, ата-заңымызға енгізілген  өзгертулермен толықтырулар туралы айтылды.

Сонымен қатар әлеуметтік желідегі жұмыстар  туралы да әр түрлі ойлар айтылды. Кездесу соңында «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Сүндетбаев Данияр Манарбекұлы алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті. 

Алматы облысы Жастарға қызмет көрсету орталығында жастар Талдықорған қалалық мәслихат депутаты   Сапаровым Елдар мен   «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының төрағасы Жақсыкелдинов Бахтиярмен кездесті.

Шараға қаланың белсенді жастары қатысты. 

« Кері қайту