Петропавл студенттері арасында үздік балуан анықталды

31 наурыз 2017 , 17:17 · 535 қараулар

Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Күрес – ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Петропавл қаласы Жастар сарайында қазақ күресінен «Университет барысы 2017» жарысы өтті. Шара Наурыз мейрамы аясында «Нұр Отан» партиясының «Болашақ» филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ бөлімшесінің ұйымдастырылуымен өткізілді. Жарысқа барлығы 20 спортшы қатысты.

Жарыстың бас төрешісі Қазақстан Республикасының спорт шебері, категориялы ұлттық төреші Денисенко Виктор Николаевич болды. Қалалық жасотандықтар жарыстың ұйымдастырылумен өткізілуіне белсенді ат салысты.

Екі салмақ дәрежесінде өткен жарыс тартысты болды. Шара соңында 70 келіге дейін және 70 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

70  келіге дейін:

1 орын – педагогика факультетінің 1 курс студенті Алпысов Райымбек;

2 орын – инженерлі-техника факультетінің 2 курс студенті Аманкельдиев Бақдаулет;

3 орын – педагогика факультетінің 3 курс студенті Хамзенов Нұрым;

70 келіден жоғары:

1 орын – тарих, экономика және құқық факультетінің 2 курс студенті Нұрғали Ыбырай;

2 орын – тарих, экономика және құқық факультетінің 2 курс студенті Әмірбеков Ернар;

3 орын – жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультетінің 2 курс студенті Сапархан Шалқар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және кубоктармен марапатталды. Шара ұйымдастырушылары «Университет Барысы» жарысын жыл сайын өткізу жоспарланатындығын айтып өтті.

« Кері қайту