Астанада Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыстарын жандандыру жоспарлануда

6 сәуір 2017 , 10:46 · 492 қараулар

«Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалы қалалық «Жастар маслихатымен» бірлесе және Астана қаласының басқармасының қолдауымен семинар-тренинг өткізді. Негізгі мақсаты – студенттер арасындағы өзін-өзі басқару жұмыстарын күшейту және де елорда жастарын бір арнаға шоғырландыру.

Аталған семинарға 50 шақты адам қатысты. Оның ішінде: Жастар комитеті  басқармасының басшылары, Астана қаласының 14 ЖОО және 30- дан аса колледж оқу орындарының өкілдері.

Семинар барысында қатысушыларға топ құруға арналған түрлі ойындар, тимбилдинг, волейбол ойыны және әр түрлі тақырыптарға арналған дәрістер ұйымдастырылды.

Шараның бірінші күні «Нұр Отан» партиясының астаналық филиал қабырғаларында өткізілді.

«Осындай семинар-тренингтер өткізу болашақ көшбасшылар үшін өте маңызды. Бұл семинардың міндеті жастарды біріктіру», – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев.

Аталған іс-шараны психолог-тренер, тәжірибе жинақтаушы коуч-консультанат және бизнес-тренер  Айжан Сапыбекова бастады. «Бүгін менің алдымда тұрған мақсат: ол қатысушыларды біріктіріп, олардан бір топ жасау. Айтарлықтай осындай мақсат барлық тренингтердің алдына қойылады.  Өткізілген ойындар барысында олар бір-бірін жақсы танып білді. Бұдан қатысушылардың көбі жақсы тәжірибе ала алды. Лекциялар мен ойындар барысында  өз қоқыныштарын  жеңе алды», – деді.

Өз кезегінде «Қарсы» жастар қозғалысының басшысы Арман Нұрғазин қатысушыларға жастардың құқықтық мәдениеті туралы айтты. Әсіресе тәрбие бөлімінің жұмысына баса назар аударылды. Аға буынның кезіндегі КЖЖ мен қазіргі кездегі КЖЖ құндылықтары мен жұмыстарын салыстырып, жасалған жұмыстардың тәжірибесіне қарай «Қарсы» жастар қозғалысының басшысы тарапынан бағалы кеңес берілді.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар өз ойларымен бөлісті. «Осындай қызықты семинар ұйымдастырғандарыңыз үшін сіздерге үлкен рахмет. Көп нәрсеге басқа қырдан қарадым. Бұл іс-жүзінде өз нәтижесін беретініне күмәнім жоқ. Сондай-ақ спикерлермен еркін түрде сөйлесіп,  қалаған сұрақтарымызды қоя алғанымыз ұнады. Одан басқа сіздерге және қатысушыларға КЖЖ-нің мәселелерін тереңірек қарастырып, оған тиісті шешім көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз », –  деді «Қаржы академиясы» АҚ колледж КЖЖ-нің басшысы Асия Шинобекова.

Іс-шараға Астана қалалық мәслихат депутаты Саят Батпенов, Atameken business channel арнасының бас продюсері Ғалия Токарева, психолог-тренер, тәжірибе жинақтаушы коуч-консультанат және бизнес-тренер Айжан Сапыбекова, «Қарсы» жастар қозғалысының жетекшісі Нұрғазин Арман, «Избранное за неделю» бағдарламасының жүргізушісі, «Астана» телеарнасының тілшісі Ерлан Сисенов, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов, Әлеуметтік жобалар және азаматтық қоғам жобалары саласында сарапшы Баян Ахметжанова қатысты.

 

« Кері қайту