ҚазТрансОйл-ға тәжірибе үшін

13 сәуір 2017 , 14:27 · 400 қараулар

ЖОО, колледждер мен кәсіби білім беру мекемелері студенттерінің «ҚазТрансОйл» АҚ-да үш айлық тағылымдамадан өту туралы Меморандумға қол қойылды.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Төрағасы Данияр Сүндетбаев пен «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов куәландырған  келісім студенттерге мұнай құбыры көлігінде бастапқы тәжірбие алуға мүмкіндік ашады.

Меморандумға негіз болған «Сәтті қадам» партиялық жобасына сәйкес ЖОО, колледждер мен кәсіби білім беру мекемелерінің студенттері еліміздің ірі компаниялары мен мекемелерінде жұмыс тәжірибесін алып мамандықтары бойынша біліктілігін арттырады. 

Ағымдағы жылда «ҚазТрансОйл» компаниясы түлектерге бастапқы жұмыс тәжірбиесін алуға, білім және кәсіби деңгейлерін арттыруға алғашқылардың бірі болып есік ашып отыр.

Меморандум аясында «Жас Отан» ЖҚ өзіне ЖОО, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің түлектерінен «Сәтті қадам» жобасына қатысу үшін өтінімдер қабылдап, жоба қатысушыларын 3-айлық тағылымдамадан өту үшін  «КазТрансОйл» АҚ-на бағыттау, тағылымгерлердің тәжірбиеге келуін бақылау, меморандумды жүзеге асыру бойынша тәлімгер анықтау міндетін алады.

Өз кезегінде «КазТрансОйл» АҚ «Жас Отан» ЖҚ-на тағылымдамаға қажетті мамандар тізімін беруге, «Сәтті қадам» жобасының қатысушыларын нәтижесінде мінездеме берілетін тағылымдамаға қабылдауға міндеттенеді.

Ынтымақтастық туралы екіжақты меморандум 5 жылға жасалды және тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

 

« Кері қайту